Шымкентте сыртқы бейнекамералары арқылы 4 қылмыс ашылды
Шымкентте сыртқы бейнекамералары арқылы төрт қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 25 шілде мен 1 тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 6 324 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынды. Оның 4 005 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел басқару орталығы Бейнебақылау тобының инспектоларымен сыртқы бейнекамералары арқылы төрт қылмыс ашылды. Олар бір ұрлық пен үш бұзақылық.
Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың «ізін суытпай» ашылуына көмегін тигізуде. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 889 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – 31, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 33, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 41, жол ережесін бұзғандар – 653 , одан басқа да 131 жайт анықталды.