Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тауарлық несие рәсімдеп, тұрғындарды алдап соққан үшеу ұсталды

Шымкентте тауарлық несие рәсімдеп, тұрғындарды алдап соққан үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол бейтаныс азаматтар тобы оның атынан тауарлық несие рәсімдеп, алаяқтық жолмен 1 430 000 теңге материалдық шығын келтіргенін жазып көрсеткен.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті үш тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматтар тобының бұдан бөлек, осыған ұқсас өзге де алаяқтық жайттарына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда аталған азаматтар уақытша ұстау абақтысына жабылған.

Айта өтетін ақпарат, алаяқтықты кәсіп еткен жандар электроника сауда орталықтарынан азаматтардың атынан несиеге заттай техникалық құралдарды рәсімдеген. Яғни, үлкен көлемде несие алып беремін деп сендіріп, несие келісім-шарт құжаттарына қол қойдырған. Несиеге алынған затты сатып жәбірленушіге 30 пайызын беріп, қалған ақшаны банкке қайта құямын деп алдау арқылы, өзінің бас пайдасына жаратып отырған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен “Алаяқтық” қылмыстық іс тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру