Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Таза қала” іс-шарасы аясында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте “Таза қала” іс-шарасы аясында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына қала тұрғындары коммуналдық қалдықтарды тастауға қатысты ақпараттар жолдады. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының №12- учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен Солтүстік-Батыс мөлтек ауданы Н.Төлендіұлы көшесі бойында қоқыс қалдықтарын тастаған тұрғындармен кездесу өтікізіліп, қоқыс қалдықтарын тастаған азаматтармен түсіндірме жұмсытары жүргізілді. Алдағы уақытта аталған құқық бұзушылық қайталанатын болса, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен шара көрілетіндігі түсіндірілді. Аталған қоқыс Шымкент қаласы Абай ауданының әкімшілігі коммуналдық бөлімі қызметкерлерімен тазаланды.

Құрметті қала тұрғындары! Полициямен кері байланыс орнатып, табиғатты ластау, коммуналдық қалдықтарды төгу және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында өзіңіз куә болған жайттар туралы хабарлауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру