Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте той өткізген тұрғындар анықталды

Шымкентте той өткізген тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халық арасында шектеу шараларына қарамастан отбасылық жиын ұйымдастырып, той өткізушілер саны азаяр емес. Мәселен 1 ақпан сағат 14:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Шымкент қаласы Самал-3 мөлтек ауданы Алматы тас жолы бойында орналасқан «Хан шатыр» тойханасында той болып жатыр деген хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары ол жерге барғанда тойханада үйлену тойы болып жатқаны анықталды. Бұл фактілер бойынша жиналған материалдар шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру