Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тонау дерегіне қатысы бар азамат полицияға жеткізілді

Шымкентте Қаратау полиция басқармасының қызметкерлері тонау жайтын «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 ақпан күні кешкі сағат 22-00 шамасында Жедел басқару орталығына қаладағы көшелердің бірінде ашық тонау орын алғаны жайында хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісі патруль жасақтары мен жедел уәкілдерге бағыт-бағдар берді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция және Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге қызмет атқару барысында осы оқиға бойынша күдікті азаматтың бой тасалаған бағытында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бағыт-бағдарға сәйкес, қара киімді қара маскада, бойы 165-170 см шамасындағы ер азаматты тоқтатып, тексеру барысында осы қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Күдікті азамат Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру барысында күдікті азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру