Шымкентте "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы өткізілуде
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты - кәмелет жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерімен түнгі уақытта 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтап, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен - сегіз әкімшілік хаттама, 442-бабы 3-бөлігімен - бір әкімшілік хаттама, 434-бабы 2-бөлігімен – бір әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазіргі таңда, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қатаң бақылауға алынған және бұл бағытта жан-жақты жұмыстар атқарылуда.