Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер полицияға жеткізілді

Шымкентте «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде 353 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция Департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 23-30 наурызы аралығында қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында 353 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Соның ішінде, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 319 жасөспірім, түнгi уақытта ойын-сауық мекемесінде болған 11 жасөспірім, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған тоғыз жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын бес ата-ана анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың барлығына әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, 32 жасөспірім және 35 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды.

Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер және отбасылар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру