Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнгі уақытта жасырын жұмыс істеген рестобар анықталды

Шымкентте түнгі уақытта жасырын жұмыс істеген рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 маусымында сағат 00:52-де Төреқұлов көшесі №183 үйде орналасқан “Lee House” рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар рестобар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған рестобар әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты акт түзілді.

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру