Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түркістандықтың көлігінен құрал-сайман ұрлаған ер адам ұсталды

Шымкентте түркістандықтың көлігінен құрал-сайман ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол онда үй ауласында тұрған Opel Vectra маркалы автокөлгіне белгісіз біреулер терезе арқылы кіріп, ішінен көлікке қажетті құрал-саймандарды қолды еткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 40 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын қарап, жақын маңайдағы азаматтардан түсінік алынды. Нәтижесінде, ұрлық жайтына қатысы бар азамат анықталып, басқармаға жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталды. Ол таңертеңгі сағат 07:30 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, өз қылмыстық әрекетін іске асырған. Қазір ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру