Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Шымкентте «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындармен кері байланысты нығайту, сондай-ақ әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қала аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.

Іс-шара барысында қала аумағында жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері, шаруа қожалықтары тексерілді. Тұрақты тұратын жері жоқ 361 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүрудің 157 жайты анықталды. Ішкі істер органының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған адамдар мекенжайы бойынша тексерілді. Сондай-ақ,  Ішкі істер органына тіркелген атыс қаруларының иелері тексеріліп, қаруды сақтау және алып  жүру тәртібін бұзудың 35 жайты анықталды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, заңсыз сақталған, тіркелмеген жеті атыс қаруы тәркіленді. Іс-шара барысында әкімшілік жауапкершілікке 26 276 азамат тартылды.   

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру