Шымкентте үздік полиция қызметкерлері марапатталды
Шымкентте үздік полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың жетекшілігімен қоғамдық тәртіпті күзетуге түсетін жеке құрамның гарнизондық таратуы өтті.
Іс-шара барысында сақшылардың қызметке дайындығы, қызметтік техниканың жай-күйі тексеріліп, жедел жағдай жеткізілді. Сонымен қатар алдағы кезекшілікке нақты міндеттер қойылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында қызметте ерекше көзге түскен сақшылар марапатталды.
Департамент басшысы мұндай нәтижелер жоғары кәсібилік пен үйлесімді жұмыстың айғағы екенін атап өтті. Сонымен қатар заңды сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстау және азаматтарға құрметпен қарау қажеттігіне ерекше мән берілді.
Жиын қорытындысы бойынша жеке құрам қаладағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиімді жұмысқа бағдарланды.
