Шымкентте заңсыз ақпарат таратудың 10 дерегі анықталды
Шымкентте «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 дерек ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, тамыз айының 18-20 аралығында республикалық деңгейде Шымкент қаласының аумағында үш күндік «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жүргізілген іс-шара барысында 10 дерек тіркеліп, ашылды.
Олардың ішінде:
– ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану) екі дерек.
– ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бір дерек.
– Бұрын орын алған интернет қолданушыларға қатысты алаяқтық қылмыстарының жеті дерегі ашылды ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша.