Шымкентте «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр
Шымкент қаласында 20-31 шілде аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның екінші күнінде Ішкі істер органдарына 55 жасөспірім жеткізілді. Құқық бұзушылыққа бейім алты жасөспірім және төрт қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне қойылды. Ал, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 52 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын екі ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қоғамдық орынды ластағаны үшін бір жасөспірмге ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Ішкі істер органының есебінде тұратын жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді. Айта кетейік, «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы шілде айының соңына дейін жалғасады.