Шымкентте жасөспірімнің телефонын тартып алған ер адам ұсталды
Шымкенттік полицейлер жасөспірімнің қолынан ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 14-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға үйдің ауласында ойнап жүрген жасөспірім ұлының қолында болған құны 120 000 теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.