Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жасырын ойынханалар анықталды

Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27,28,29 Қаулысы талаптарын сақтамай, 23.00- шамасында Шымкент қаласы 18 мөлтекауданы Т.Рысқұлов көшесі бойында орналасқан «THE GAME» ойынханасы жұмыс жасап жатқандығы анықталды. Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 келуші адамның болғаны анықталып, ойынхана иесіне қатысты заңды шара қолдану үшін Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына және ойынхананың заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне іс-құжаттар жолданды.

31 шілдеде мобильді топпен жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы,Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Алаш» базарының аумағында орналасқан атауы жоқ ойынхана карантин режиміне қарамастан жұмыс жасап жатқандығы анықталды.
Аталған жайт бойынша ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Онда жеке кәсіпкер ғимарат ішінде қызметшілер мен күзетші болғанын көрсеткен. Дегенмен, жинақталған дәлелдемелерді басшылыққа ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігімен тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру