Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жедел басқару орталығына 8 мыңнан астам қоңырау түсті

Шымкентте жедел басқару орталығына бір апта ішінде сегіз мыңнан астам қоңырау қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9-15 тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” нөміріне түрлі сипаттағы 8236 қоңырау келіп түсті. Оның – 3621-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен алты қылмыс ашылды.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы үш қылмыс “ізін суытпай” ашылған.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 872 жайт анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 21 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 40, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 37, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 693 дерегі және өзге де 81 құқық бұзушылықтар бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру