Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жедел-сауықтыру шарасы өткізілді

Шымкентте Республика даңғылы және 8 мөлтекаудан аумағында бейберекет жүрген азаматтарды анықтау мақсатында жедел сауықтыру шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара жүргізу барысында бейберекет жүрген 56 азамат анықталды. Аталған азаматтардың жеке басын анықтау мақсатында жеке дара профилактикалық сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ тексеру барысында бұрын жезөкшелікпен айналысқан алты әйел анықталды. Одан бөлек қоғамдық орында масаң күйінде жүрген төрт азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі «Алкогольдік ішімдіктері ішу немесе қоғамдық орында масаң күйде келу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, уақытша уытсыздандыру және оңалту орталығына жеткізілді. Қоғамдық орында карантин режимін ескермей, арақашықтықты сақтамай топтасып жүрген сегіз адамнан құралған топ анықталды. Алдағы уақытта қала аумағында түнгі уақытта бейберекет жүрген азаматтарды анықтау жедел сауықтыру шарасы жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру