Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жеңіл жүрісті 9 қыз ұсталды

Шымкентте «Stop трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында тоғыз жеңгетайлық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында 2021 жылдың 24-26 наурызында «Stop трафик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу және алдын-алу, ескерту болатын. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы мүмкін орындарын тексерді.

«Stop трафик» жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудыңтоғыз жайтының жолын кесті.

Барлық аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тоғыз дерек анықталып, сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша бір дерек тіркелді. Тәртіп сақшыларымен тоғыз адам анықталып, жеңіл жүрісті қыздар санатына есепке алынды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орында тиісу) бойынша үш дерек және 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша бір дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар түзілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру