Шымкентте “Жолда қабылдау” акциясы аясында 500-ден астам тұрғынның мәселесі тыңдалды
Шымкентте “Жолда қабылдау” акциясы аясында 500-ден астам тұрғынның мәселесі тыңдалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17-18 маусым аралығында ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде “Жолда қабылдау” акциясы өтті.
Мұндағы басты мақсат – халық көп шоғырланатын орындарда олардың ұсыныс- пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, олардың мәселелерін жедел әрі уақтылы шешу.
Акция барысында ұйымдастырылған кездесуге 512 қала тұрғыны қатысып, 412 нақты сауал жолданды. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі әкімшілік айыппұл туралы болды.
Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған телефонға төрт қоңырау түсіп, азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.