Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жазасын өтеуші жасөспірімдер аттестат алды

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесіндегі жазасын өтеуші жасөспірімдер аттестат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орта мектепті бітіріп, аттестат алу – адам үшін үлкен өмір жолының жауапты кезеңі әрі үлкен қуаныш. Жуырда ЛА-155/6 мекемесіндегі сотталған балалар да осындай қуанышқа кенелді.

Биыл балалар колониясындағы жалпы білім беретін мектепті 12 бала бітірді. Олардың 11-і қазақ сыныбын, біреуі орыс сыныбын аяқтады және төрт екпінді оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жазалы болса да болашақтан үлкен үміт күткен жасөспірімдерді ЛА-155/6 мекеме бастығының орынбасары Д. Машимбаев құттықтап, олардың болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді.

Оқушыларға аттестатты мектеп директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Л. Алмазова мен А. Алиева тапсырды.

Іс-шара салтанаты концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп бітірушілер аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру