Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясының екінші күні өтті
Шымкентте республикалық «Жолда қабылдау» акциясы екі күн бойы жалғасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықпен кері байланысты одан әрі нығайту, тұрғындардың талап-тілектерімен өтініштерін қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылған акция аясында тұрғындар өздерінің мәселелеріне қатысты полиция қызметкерлері тарапынан нақты әрі жылдам жауап алды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерді тұрғындарды қабылдау барысында әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық талаптардың қатаң сақталуына мән берді. Сондай-ақ, Полиция департаментінің ресми аккаунттары «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфир жүргізіліп, келіп түскен сауалдарға құзырлы орган өкілдері онлайн-режимде жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі көліктерді тіркеу, (Армениядан әкелінген көліктер) онлайн режимінде айыппұлды қарау, карантин жағдайына байланысты кәсіпкерлік нысандарына қатысты шектеулер мен көші-қон заңнамаларына байланысты болды.
Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының инсекторы Берік Стаев:
– Қазіргі карантинге байланысты қонаққа келген шетел азаматтары Қазақстанның аумағынан шыға алмай қалған жағдайда, оларға ешқандай әкімшілік шара қолданбастан, мерзімдерін ұзарту көзделген. Алайда ол азаматтар, өздерінің келу мақсаттарын бұзған жағдайда тиісті әкімшілік шара қолданылады. Сонымен қатар еңбекші көшіп келушілер, олардың алдын жиналған құжаттары ҚР ІІМ 2014 жылғы №76 бұйрығына сәйкес құжаттар жиналды. Соған сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады,- деп атап өтті.
Екі күн бойы жалғасқан акция барысында Call-орталық +7 708 345 65 74 арнайы телефон нөмері жұмыс істеп, азаматтарға жан-жақты кеңес берілді. Қабылдауға қатысып, өз сауалдарына жауап алған тұрғындар акцияның тиімді тұсының бірі уақытты үнемдеп, өз мәселелерінің жылдам шешілгеніне өз алғыстарын білдірді.