Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 62 мыңға жуық азаматқа жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделді

Шымкент қаласында жалпы 61 мың 916 азаматқа жеке куәлік және төлқұжат алуға арыздар рәсімделген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде: 16 мың 979 төлқұжат пен 46 мың 603 жеке куәлік дайындалды. Өткен мерзімде жалпы – 57 мың 820 адам тұрақты және 4 мың 273 уақытша тіркеліп, 771 адам тіркеуден шығарылды.

Шымкент қаласы бойынша 520 шетелдіктер тұрақты тіркелді. Қаланың ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 494 адам арызданды. Шымкент қаласы ПД КҚҚБ-сы тарапынан жеңілдетілген тәртіппен 442, мемлекет аралық келісім негізінде 52 қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру