Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік мектептегі жас инспекторлар есірткіге қарсы іс-шара жүргізді

Шымкенттік мектептегі жас инспекторлар есірткіге қарсы іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданында орналасқан Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп профилактикалық іс-шара жүргізді. Оқушылардан құралған жас полиция топ мүшелерімен салауатты өмір тақырыбында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылар мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою және жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру болып табылады. Учаскелік полиция инспекторы мен белсенді жастар тұрғын үйлердің қабырғасында, сондай-ақ өзге де объектілерде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамаларының үстінен бояп, оларды жою жұмыстарын атқарды. Алдағы уақытта аталған іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру