Шымкенттік полицей шетелдік туристке көмек көрсетті
Шымкенттік полицей шетелдік туристке көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаһандану мен бәсекелестік заманында үш тұғырлы тіл саясатын ұстануға сұраныс пен қажеттілік арта бермек. Өркениетті елдермен тереземіз тек болуда ғылым мен техниканың тіліне айналған ағылшын тілін меңгеру маңызды. Бұл орайда құқық қорғау саласының қызметкерлері де үш тілді игеріп, қызмет бабында халыққа көмек беруде өз біліктіліктерін көрсетіп келеді. Мәселен, күні кеше Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Б.Акимхари шетелдік азаматқа жол сілтеп, туристің діттеген жеріне жетуіне қол ұшын созды. Анталия қаласынан келген жолаушы өзімен ағылшын тілінде еркін сұхбаттасқан тәртіп сақшысына алғысын айтып, жылы лебізін білдірді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Полиция департаментінде тек ана тілімізде ғана емес, шет тілдерді де игерген тәртіп сақшыларының саны артып келеді.