Шымкенттік полицейлер алаяқ әйелді ұстады
«Ипотекаға пәтер алып беремін» деп тұрғынды алдап кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 14-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол бейтаныс азаматшаның ипотекаға пәтер алып беремін деп, 400 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.