Шымкенттік полицейлер араздасқан тұрғындарды татуластырды
Шымкенттік полицейлер араздасқан тұрғындарды татуластырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 ақпан күні Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына қала тұрғыны жүгінген. Ол қаржы мәселесінде танысымен түсініспеушілік орын алғанын, сондай-ақ бұл мәселені заң тұрғысында шешіп, тиісті шара қолдануын сұраған.
Хабарды алған Әл-Фараби АПБ № 22 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Істің ақ-қарасын ажырату мақсатында екі тараптың да өтінішін, талап-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға көтерілген мәселелері бойынша заң аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тиісінше, сақшылар жүргізген әңгімелесу жұмыстары өз нәтижесін беріп, араздасқан екі тұрғын ымыраға келді.
– Өмір ғой. Бәрі болады. Бүгін танысыммен өзара түсініспеушілік болған еді, содан осы жайтты шешу мақсатында тәртіп сақшыларына жүгіндім. №22 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел жетіп, мәселемізді тыңдап, заңдық құқықтарымызды түсіндірді. Ең бастысы, қазір өз қателіктерімізді түсіндік. Сіздерге ризашылығымды білдіремін, – деп қала тұрғыны Адхам Умаров алғысын жеткізді.