Шымкенттік полицейлер баспанаға қатысты тағы бір алаяқтық жайтын анықтады
Шымкенттік полицейлер баспанаға қатысты тағы бір алаяқтық жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйек Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп 900 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол Түркістан облысының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азамат бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.