Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер Азия чемпионатында алтын медаль иегерлері атанды

Павлодарлық полицейлер Азия чемпионатында алтын медаль иегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық полицейлер арасында спортта биік белестерді бағындырған, мақтаныш пен үлгі болып, қыздардың әлсіз емес екенін өз жеңістерімен дәлелдеп жүрген погондағы қыздар да бар.

Қазір полиция қызметкерлерінің қоржынында 8-11 қыркүйегі аралығында Өзбекстанда Бұхара қаласында өткен Азия чемпионатының алтын медальдары бар. Комбат джиу-джитсудан 5-ші Азия чемпионатына Азияның 8 елінен 300 спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының құрама командасына сонымен қатар павлодарлық полиция қызметкерлері Ризагүл Андасова және Инабат Жабагинова қатысты, олар табанды күрес пен ауыр жекпе-жектерде финалға өтіп, сөзсіз жеңіске жетті.

Спортшылар “Full contact” және “close contact” бөлімдері бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, алтын медаль иегерлері атанды.

Айта кетейік, Ризагүл Андасова 2019 жылғы қоян-қолтық ұрыстан қола жүлдегері, джиу-джитсудан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы, сонымен қатар өзін-өзі қорғаудан Қазақстанның күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол полицияда 2018 жылдан бері қызмет етеді.

Инабат Жабагинова – джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шебері, джиу-джитсудан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы. Ішкі істер органдарында 11 жыл қызмет етті. Бұл спорт түрімен айналысқанына 2 жыл болды. 

Айта кетейік, қыздар алдағы әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру