Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер кезекті алаяқты қолға түсірді

Мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беремін деп азаматтарды алдаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы екі жергілікті тұрғын арызданған. Айтуларынша, бұрын-соңды таныс емес бейтаныс азамат “мемлекет тарапынан берілетін арнаулы әлеуметтік көмекті алуға құжаттар жинап беремін деп” алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80 000 теңгені құраған.

Сондай-ақ, ер адам тұрғындарды ауызша сендіріп, бірде-бір құжат бермеген. Уақыт өте алаяқ арадағы байланысты үзген. Осылайша алданғанын білген тұрғындар жедел түрде полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру