Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер көп балалы отбасыларға көмек көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы жанұяларды Отбасы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп, тұрмысқа қажетті азық-түлік жеткізді. Өз кезегінде аталмыш отбасы мүшелері де қайырымдылық көмек көрсеткен полицейлерге алғыстарын білдірді. Ал тәртіп сақшылары көп балалы, аз қамтамасыз етілген жанұяларға үнемі қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру