Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау аудандық ПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйіндегі алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкенттік полицейлер тұрғындардан пәтерлеріне дабыл, ал үйдің кіреберісіне бейнебақылау камераларын орнатуды сұрайды.