Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер шет ел азаматтарына құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті

Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала тұрғыны Шерзат Маликовке жұбайымен бірге заңды тұруға жеделдетілген түрде қызмет ұсынып, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шерзат Маликовтың жұбайы Хажибиби Бабаджанова Өзбекстан азаматшасы болуына байланысты, оның Қазақстан Республикасында тұруына рүқсат құжатын алу үшін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына көші-қон қызметі бөліміне келіп, жүгінген. Мұндағы қызметкерлер Хажибиби Бабаджановаға елімізде шетелдіктің тұруына ыхтиярхатын жеделдетіп дайындап, тапсырды.


Шерзат Маликов көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын білдіріп, алда келе жатқан 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру