Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, анасымен қауыштырды

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 4 қарашасында сағат 20:40 шамасында Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына қарасты №61 учаскелік полиция пунктіне Нұрсат мөлтекауданында 5-6 жас шамасындағы кішкентай баланың жалғыз өзі жылап жүргені, үйінен адасып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы Әкежан Есмаханбетов баланың ата-анасы мен олардың мекенжайын анықтау мақсатында жедел іс-шараларына кірісті. 

Жақын маңдағы тұрғындардан сұрастырып, іздестіру нәтижесінде баланы Шымкент қаласы Нұрсат мөлтекауданында тұратын анасына аман-есен жеткізді.

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарынан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру