Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырды
Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы ата-анасымен аман-есен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйек күні сағат 15:16 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» сымтетігіне Теріскей мөлтек ауданының тұрғыны хабарласқан. Азаматша тәртіп сақшыларынан өзінің ұлының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған.
Хабарлама бойынша Еңбекші ауданы Полиция басқармасы №36 учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел іздеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде балақай ата-анасына аман-есен табысталды. Үй ауласында ойнап жүрген баласының із-түссіз жоғалып кеткеніне алаңдаған анасы полиция қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарына алғысын білдірді. Дегенмен полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді.