Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік сотталғандар 200 мыңнан аса бетперде тікті

Шымкенте карантин енгізілгеннен бері сотталғандар 200 мыңнан аса бетперде тікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 167/2, 167/3, 167/4 жабық мекемелерінде жазасын өтеушілер елімізде карантин режимі енгізілген уақыттан яғни 20-наурыздан бастап, еңбекке жарамды сотталғандар жұмыс қамына кірісіп кетті. Екі ауысыммен еңбекке жұмылдырылып, осы күнге дейін жалпы саны 225 447 дана көпреттік бетперде, 3341 қорғаныш күртешелерін (комбинезон) тігіп, елмен бірге екендіктерін білдіруде. 

Шымкент қаласындағы аталмыш департамент бастығы А.Досмағамбетовтың айтуынша, алдағы уақытта да қолға алынған игі бастама әлі де өз жалғасын тауып, қаланы маскамен қамтамасыз етуге барынша үлес қоспақ.

Қазіргі таңда тігін машиналарымен қамтамасыз етілген арнайы шеберханалар бар. Дайын болған бетперделер, Түркістан, Қызылорда облыстарының және қаланың Полиция департаменттеріне, ТЖД-не үлестіріліп берілді. Осындай қысылтаяң шақта аянбай еңбек еткен сотталған азаматтарға жалақымен қоса, қосымша сыйақы да беріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру