Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылары отбасының қайта қосылуына көмектесті

Шымкентте үйінен шығып, оралмаған бір жасар бала мен анасын полицейлер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасына қала тұрғынынан 4 тамызда келіні бір жасар баласымен үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған хабарлама бойынша Абай АПБ-ның жеке құрамы толық бағдарланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында оның орналасқан жері анықталды. Ол баласымен бірге құрбысының үйінде болған екен.

Осылайша, шымкенттік тәртіп сақшылары отбасының қайта қосылуына көмектесті.

 

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Абдигаппаров Нурсултан :

    Оте керемет коринис! Полиция кызметкерлери биздин омиримиздин жаксарына оз ыкпалын тигизуде! Рахмет сиздерге!

  2. Ешаев Нурлан :

    Менин оз ойым, неге жанымыз киналып басымызга кауип тонгенде полиция кызметкерлерин паналап, ешегимиз судан отип болгансон оларды жамандап шыгамыз . Олардын енбеги адал кундиз туни жумыста журед бала шагасын айлап кормеи кетед, олар адамдардын кауипсиздиги ушин осы саланы тандаган.

Жауап қалдыру