Шымкенттік тәртіп сақшылары ұрланған асыл тұқымды итті иесіне қайтарды
Шымкенттік тәртіп сақшылары ұрланған асыл тұқымды итті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 28 қазанында Абай ауданының тұрғыны полицияға асыл тұқымды «алабай» итін белгісіз ер адам «Опель Астра» маркалы автокөлігіне салып, ұрлап кеткендігі туралы арызданған.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) тіркелді.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында итті ұрлаған азаматтың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Алабай иесіне қайтарылды.