Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек көрсетті

Шымкенттік тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің №740 автоэкипаж қызметкерлері күре жолдың бойында тоқтап қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Нақтырағы Түркістан-Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігі техникалық ақауға байланысты жол бойында өшіп қалады. Қызмет атқару барысында оқиғаға куә болған ППП 2-рота командирі Азамат Амангелді мен полицей Бақтияр Оразбайұлы көлік көптелісін туындатып, жол ортасында тұрып қалған автокөлікті итеріп оталдырады.

– Қызмет атқару барасында мұндай оқиғалармен жиі бетпе-бет келеміз. Тәуліктің кез-келген уақытында, тосыннан туындайтын жайттар көптеп кездеседі. Мүмкіндігінше барлық сәтте көмек көрсетіп, халықтың алғысын алуға тырысамыз, – дейді полицей Азамат Амангелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру