Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын героинді іш киімінде сақтаған

Шымкенттік тұрғын героинді іш киімінде сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі тасымалдаушылар оны сақтау және тасымалдаудың түрлі әдістерін ойлап тауып, айласын асырып келеді. Кезекті жайт Шымкент қаласында болды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аса ірі көлемде есірткі сақтап, оны тасымалдаған күдікті құрықталды. Ол 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру барысында аталған азаматтың іш киіміне жасырылған полиэтиленді пакеттен есірткі тәркіленді.

Сараптама нәтижесімен тәркіленген зат героин екендігі анықталып, жалпы салмағы 20 грамды құрады.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Анықталғандай, ұсталған тұлға бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру