Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік жастарға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкенттік жастарға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Олимпиада резервін даярлау орталығының жас спортшыларымен кездесу өтті.

Аталған жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Балжан Манабаева қатысты. Сондай-ақ, бас қосуға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары, Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı орталық мешітінің бірінші наиб имамы, денсаулық саласының мамандары және спорт шеберлері қатысты.

– Қазіргі таңда бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет – нашақорлық. Бұл індетке көбінесе жасөспірімдер шалдығады. Есірткі қолданған адам кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету және осыларға ұқсас теріс әрекеттерге бейім болады. Сондықтан да есірткіге тәуелді адамдар, әсіресе, жастар өз өмірлеріне балта шабады. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде тәртіп сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керекпіз. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе – өз өмірің. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері және жастар жөніндегі құзырлы орган өкілдері есірткі қылмысының, атап айтқанда оны пайдалану, сату, жарнамалау жұмыстарының алдын алу және оны болдырмау мақсатында үздіксіз профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырамыз, – деді Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Балжан Манабаева.

Сөз соңында жастар мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру