Шымкенттік жүргізушіге 4 хаттама толтырылды
Бірнеше мәрте құқық бұзған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілде күні патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25-26 Қаулысына сәйкес қала аумағында карантин талаптарының сақталуына байланысты тексеру жүргізу барысында түнгі сағат 23:30 шамасында Түркістан және Д.Қонаев көшелерінің қиылысында күдікті «Lexus GS300» маркалы автокөлігінің мемлекеттік белгісіз жүргенін анықтаған. Алдыңғы мемлекеттік белгісі болмаған, ал артқы нөмері 022 ААА 17.
Автокөліктің төрт жақты терезелері күңгірттелген және көлік иесі екі рет бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай өтіп кеткен. Аталған жайт бойынша автокөлік жүргіушісіне төрт әкімшілік хаттама толтырылып, аталмыш көлік айыптұрағына жеткізілген.