Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің үздік тергеушісі анықталды

Шымкенттің үздік тергеушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың ашылуына атсалысатын маман иесі-тергеуші. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын сала өкілдеріне жүктелген жауапкершілік жоғары. Ақиқаттың ақ-қарасын зерттеу мүлтіксіз қызметті талап етеді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы осы бағытта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мәселен Еңбекші ауданының Полиция аудандық басқармасы Тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Абдешев Абіл Жанбулатұлы есепті мерзімде, яғни 2020 жылы 90-ға жуық қылмыстық істі сотқа жолдаған. Оның ішінде жеңілдетілген өндіріс тәртібінде – 33 қылмыстық іс сотқа жолданған, онша ауыр емес – бес қылмыстық іс, ауырлығы орташа – жеті, ауыр санаттағы – 40 қылмыстық іс, аса ауыр санаттағы – үш қылмыстық іс айыптау актісімен жолданған.

Мұндай жүктеме жұмысты ұтымды ұйымдастыра білудің нәтижесі. Сондықтан Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшы құрамы, полиция аға лейтенантының жұмысын жоғары бағалап, үздік тергеуші деп танып, арнайы марапаттады. 

– Білім ұясын аяқтаған соң арманымды жүзеге асыру үшін «Құқықтану» мамандығына түстім. Бала күнімнен ішкі істер органдарында еңбек етуді мақсат еткенмін. Уақыт өте келе осы саланың қыр-сырын үйреніп келеміз. Қызмет атқару барасында сан түрлі оқиғамен бетпе-бет келеміз. Мұның барлығы тәжірбиемді толықтыруда. Кей сәттерде тергеу жүргізу барысында түнімен жұмыста қалатын кездер де болып тұрады. Себебі біздің жұмыс асқан жауапкершлікті қажет етеді. Жалпы әр саланың өзіндік қиындығы бар деп ойлаймын, – дейді Абіл Абдешев.


Абіл Жанбулатұлы 1993 жылы Сайрам ауданында дүниеге келеген. Бала күннен осы салаға деген қызығушылығының арқасында 2015 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. 2017 жылдан бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінде еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру