Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сілтеме бойынша ақша аударған: Ақтөбеде тұрғын алаяққа алданып қалды

Ақтөбеде тұрғын ақшамды көбейтемін деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Ақтөбе қаласының 42 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы полицияға жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонына “WhatsApp” мессенджері арқылы сілтемеге өтіп, басқа ақша төлегеннен кейін сіз өз кірістеріңізді екі есе арттыра алатындығы туралы хабарлама келген. Сілтеме бойынша ол 34 мың теңге аударған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру