Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан алматылық ұсталды

Синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел мәліметтерге сүйенсек, оңтүстік астананың 42 жастағы тумасы психотропты препараттарды тарату бойынша есірткі курьері болып бірнеше ай жұмыс істеген. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жетісу ауданының аумағында ЕҚКБ қызметкерлері Д.есімді ер адамға қатысты “жедел сатып алуды” жүзеге асырды. Қазір жедел қызметкерлер есірткі саудагерлерінің “тізбегі” анықтаумен айналысуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес есірткі саудасымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру