Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстанда екі кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті

Солтүстік Қазақстанда екі кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жексенбіде СҚО жолдарында екі кәмелетке толмаған велосипедші зардап шекті. Шамамен сағат 16:35-те Петропавл полициясына Н. Назарбаев көшесіндегі көлік қозғалысы реттелетін жолда белгісіз көліктің жүргізушісі төртінші сынып оқушысын соғып кеткені туралы қоңырау келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер жүргізушіні келесі күні анықтады. Аталған факті бойынша материалдар Петропавл қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Ал шамамен сағат 21:00-де Қызылжар ауданында Lada Granta көлігімен соқтығысу салдарынан жетінші сынып оқушысы зардап шекті. Ол да медициналық мекемеге жеткізілді.

– Кішкентай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі – полиция қызметкерлерінің жаз кезіндегі негізгі мақсаттарының бірі. Қазіргі уақытта облыста “Назар аударыңыз, балалар!” акциясы шеңберінде қызметкерлер оқушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын түсіндіруде. Сондай-ақ, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының ЖҚЕ талаптарын біліп жүргеніне көз жеткізулері тиіс, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Полицейлер велосипедшілерді жолмен тек 14 жасқа толған жағдайда ғана жүруге рұқсат етілгені, жолдың оң жағымен жүру, маневр жасау кезінде оның қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттігі туралы еске салады. Велосипедшілерге бір бағытта бірнеше жолағы бар жолда солға бұрылуға тыйым салынған. Жаяу жүргіншілер жолағынан велосипедтен түсіп өту керек. Велосипед мінген жүргізуші жол үстіне кенеттен шыға келсе, автокөлік тізгіндеген жүргізушілер уақытылы тоқтай алмай қалуы мүмкін. Автокөлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер жолағына жақындаған кезде, сондай-ақ жолда велосипедші пайда болғанда, жылдамдықты түсіріп, аса сақ болуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру