Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы үштен бірге төмендеді

Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығы үштен бірге төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданында полицейлер қараусыз жүрген 100 бастан асатын бір табын жылқыны анықтады. Жылқы иесін анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылады. Тәртіп сақшылары малдың еркін жайылуы мал ұрлығына жағдай жасайтыны туралы, қаңғып жүрген мал жолға шығып, жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін екендігін еске салды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері малды еркін жаю фактілерін анықтау және жолын кесуге бағдарланды – бұл мал ұрлығының алдын алу факторларының бірі.

– Облыста мал ұрлығының төмендегені байқалады. Жыл басынан осындай 21 қылмыс тіркелген, өткен жылдың осы кезеңінде 31 дерек тіркелген болатын. Осындай қылмыстардың ауыр түрі айтарлықтай төмендеді. Өткен жылы 23 болса, биылғы жылы 9 факті тіркеліп отыр. Ауыл шаруашылық жануарларын еркін жаю қағидалары енгізілмей тұрып, облыста мал ұрлығы бірнеше есеге көп болатын. Мал иелері мен бақташылардың жауапкершілігі алдын алудың пәрменді шарасы болды, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Облыстың барлық аудандарында мал ұрлығы фактілерін азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Халыққа заңнама талаптары, малды ұйымдасқан түрде жаю мақсатында жасалатын үш жақты шарттардың басымдылығы түсіндіріледі. Жыл басынан малды еркін жайғаны үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды. Арнайы қамау орындарына 11 мыңнан астам қаңғып жүрген мал орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру