Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицейлер кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматын пайдаланып келеді

Солтүстікқазақстандық полицейлер кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматын пайдаланып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматын пайдаланып келеді. Жастарды полицияға жұмысқа шақыру үшін тәртіп сақшылары облыс аудандарына шығуды қолға алды. Үгіт-насихат жұмысы жүргізілген алғашқы елді-мекен Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылы болды.

Аққайыңдық жастардың алдында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова сөз сөйледі. Ол құқықтық тәртіпті сақтаудағы қызметтің беделі, лайықты еңбекақы, тегін нысанды киім-кешек және көлемді әлеуметтік қолдау сияқты ҚР ІІМ жүйесіндегі артықшылықтар туралы айтты. Полиция қызметкерлерінің адамдарды қылмыскерлерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы зор жауапкершілікті, кейде тәуекелді талап етеді, сондықтан мемлекет қызметкерлердің барынша қамтамасыз етілуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алу тегін болып саналады. Кездесуге қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Байзақ мемлекетке қызмет еткісі келетін жастарға жергілікті атқарушы органдар мен аудан әкімі Рүстем Елубаевтың тарапынан да қолдау болатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, кездесуде аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкерлері, қызметкерлердің лайықты тәрбие берген ата-аналары және ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды. Аққайыңдықтар үшін концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетсе, Мәдени орталықтың қызметкерлері патриоттық әндерден шашу шашты. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сақшыларға арналып орындалған әндердің бірін залға жиналған көрермен түрегеп тұрып тыңдады, ал балалары үшін жанын шүберекке түйіп отыратын аналар көздеріне жас алды.

Полицейлер кәсіптік бағдар беру жұмысын үнемі жүргізіп тұрады. Басқа аудандарда да осындай жұмыстар жүргізу жоспарда бар. Петропавл қаласында орналасқан білім ошақтарының оқушыларымен кездесулер өткізу жалғасуда. Жуырда Сәуле Андағұлова Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті. Жоғары оқу орнында білім алып жүрген жастарға полицей мамандығының маңыздылығы жайлы айтылып, ішкі істер органдарында қызмет атқаруға шақырылды. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық полиция қатарында қызмет атқарып жүрген әрбір алтыншы қызметкер – әйел полицей. Олар да ер адамдармен бірге иық тіресе қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру