Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық жарылғыш зат туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды

Солтүстікқазақстандық жарылғыш зат туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

58 жастағы ауыл тұрғыны екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол былтырғы жылдың соңында масаң күйде Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Оның сөзінше, жарылыс қаупі бар зат Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне қойылған. “Ойыннан от шығады” демекші, жалған террорист үшін бұл қылмыстық жауапкершілікпен тынды. Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген.

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – дейді СҚО ПД Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру