Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы мотоциклшілердің шуына шағым білдіруде

Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы мотоциклшілердің шуына шағым білдіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында тыныштықты бұзу мәселесі жазғы уақытта дәстүрлі түрде өзекті болып қала береді. Әлеуметтік желілерде облыс тұрғындарының мотоциклшілерге қатысты шағымдары көрсетілген посттары пайда бола бастайды.

– Бұл қашанғыға дейін жалғасады? Бескөл ауылында мүлдем тыныштық жоқ, байкерлер түнімен жүйіткіп ұйқы бермейді…

Бұл солтүстікқазақстандық танымал паблигтердің бірінде кезекті рет жазған автордың жанайқайы. Жарияланған пост полиция қызметкерлерімен бақылауға алынып, Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны экипажының қатысуымен түнгі рейд өткізілді. Құқық қорғау қызметкерлері жылдам жүрісті ермек қылатын мотоциклшілерді қызықтыратын Бескөл аулы маңымен өтетін тас жолды бақылауға алды. Бұл түні құқық бұзушылықтар анықталмады.

– Алдағы уақытта да бұл аудан орталығы автопатрульдердің жіті бақылауында болады. Патрульдік полицияның жеке құрамы мотоцикл жүргізушілері тарапынан болатын құқық бұзушылықтарды анықтауға тұрақты түрде бағдарланды. Мотоциклшілердің арасында ең көп таралған құқық бұзушылықтар – заңсыз қайта жабдықтау, маневр жасау ережелерін бұзу. Ең қауіпті бұзушылықтардың қатарына жылдамдықты асыру және жолдың қарсы жолағына шығу жатады. Тұрғындар түнгі шуға көптеп шағымданады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Петропавлда қос дөңгелекті көлік иелерінің түнгі жарысы Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің тұрғындарын түнгі уақытта мотоциклдердің қозғалысына тыйым салатын белгілер орнату жөнінде уәкілетті органдарға жүгінуге мәжбүр етті. Бұл ауданға 22 жол белгісі орнатылып, тыныштық орнады. Дегенмен, мотоциклшілерден өзге шулы компаниялар мен отбасылық жанжалдар кедергі келтіріп жатады. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін уақыттағы шу үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын ескертеді. Тәжірибе көрсеткендей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабы “Тыныштықты бұзу” бойынша жауапкершілікке алкогольдік масаң күйдегі адамдар тартылады.Аталған бап бойынша Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлерімен бүгінгі күні 1308 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру