Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар анасына хат жазды

Халықаралық “Наурыз мейрамы” қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ОВ 156/2 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында “Анама хат” атты хаттар байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Темір тордың арғы жағындағы азаматтардың хатын оқып отырып, қаншалықты ауыр қылмыс жасаса да, олардың жүрегіндегі мейірім мен болашаққа деген үміт сәулесінің сөнбегендігі байқалады.

Аталған шараға 34 жазасын өтеуші азаматтың хаты қатыстырылып, әділ қазылардың оң бағасын алды. Жазасын өтеуші азаматтар арасында өмірде жаңсақ басып опық жеген, өткеніне өкінетіндер аз емес. Аталмыш шара осындай жандардың ішкі сырларын ақ қағаз арқылы ең жақын адамдарына жеткізуге талпынған әрекеттерінің жемісі десе болады.

Әрбір хатта, қиын кездерде қолдау көрсетіп, артынан іздеп, жанынан табылғаны үшін ата-анасына, туысқандарына ризашылықтарын білдірген.

Мына хатты оқысаң еріксіз көзіңе жас келеді.

“Анашым кешірші мені, кешірші…. Осы сөзді өзіме мың рет айтқан шығармын. Бірақ амал қанша…. Мені тепсе темір үзетін азамат қылып өсірдің, тапқан-таянғаныңда маған бердің. Бала кезімде басынан сипап, құлыным менің, Сені маған құдай берді деуші едің ғой Анашым… Осылай еркелетіп Мені алақанында аялап көрген кім бар дейсіз, Сізден басқа ешкім еркелеткен емес. Әр бір туған күнімде силық беріп, Мен қуансам, соны көріп Сіз де балаша қуанып, әйтеуір менің көңілімді табуға тырысатынсыз. Әлгі сары үлкен камаз есіңізде ме, менің 3 пе, 4 – ке толғанда сыйлап едіңіз ғой. Сол кезде менің арманым Камаз жүргізушісі болу еді. Ал қазір темір торға қамалып, өткен күнге өкініп отырған жайым бар…”, – деп жазады сотталған Е.

Сотталған азаматтар үшін жақындарының қолдауы олардың болашаққа деген сенімдерінің артуына түзелу жолына түсуіне, бостандыққа деген үміттерінің оянуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру